02.12.2016
Ақтөбеде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 320 оырнға арналған «Нектар» бала-бақшасы ашылды.
Әкімдікте атап өткендей, бала-бақша балалардың жан-жақты дамуына арналған барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Заманауи техника, ыңғайлы жиһаздар, спорттық залдар,музыка бөлмелер, ойын алаңдары,бассейн, тұзды шахта және басқалары қарастырылған.Нысанның жалпы аумағы 6,5 мың ш.м., құны – 800 млн теңге.
"Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында өңірде бірқатар нысандар ашылуда. Жыл басынан бері 6 жалпы білім беру мектеп, 1 жеке мектеп, отбасылық үлгідегі балалар үйі, 38 мектепке дейінгі білім беру нысандары ашылды. Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің айтулы мерекесімен құттықтаймын. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын", - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Бұдан бөлек, облыста физико-математика мектеп-интернаты ашылды. Мемлекеттік тілде білім беретін оқу ордасы - 166 орынға, ал интернат – 100 орынға арналған. Мектеп-интернатында барлық жағдайлар жасалған.
Айта кетейік, тек қана Тәуелсіздік жылдарында Ақтөбе облысында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған 4 мектеп-интернаты, Назарбаев зияткерлік мектебі, инновациялық режимде жұмыс жасайтын 7 гимназия, 15 мектеп- гимназия, 3 мектеп-лицей ашылды. 37656 оқушыға арналған 113 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілген.