14.10.2016
«Біз ғылым бағыты бойынша ғылыми кеңестер құруды, ғылыми кеңестердің құрамы мен ережелер тізбесін бекітуді Үкімет құзыретінен алып, уәкілетті орган ретінде ғылыми кеңестер ұйымдастыруды ҚР БҒМ құзыретіне беруді ұсынамыз», - деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр ғылыми кеңестердің зерттеу бағдарламаларын қаржыландыруды азайту және тоқтату бойынша шешімдер қабылдау принциптері мен қағидаларын регламенттеу қажеттілігін атап өтті.
«Ведомство ғылымды қаржыландыруды 4 бағытқа бөлуді ұсынады. Мониторинг нәтижелері бойынша бюджет заңнамасының бұзылуымен тиімсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке қайтару міндеттемесін қоса алғанда, тапсырыс беруші мен орындаушының жауапкершілігін көздеу", - деді вице-министр.
Қазіргі уақытта бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру мерзімі кешіктірілуде, бұл ғылыми зерттеулерді іске асыру процесіне қауіп төндіреді.
Одан басқа, А. Амрин нормалар мен принциптердің бұзылуын анықтау және алдын алу үшін қолданыстағы ғылым туралы заңнамада ғылыми этика түсінігі толық ашылмайтынын, «Ғалымдардың қара тізімі» деген түсінік енгізу жоспарланып жатқанын атап өтті.
Индира Қауметова