13.10.2016
«Компания өзінің келісімшарттық міндеттемелері шеңберінде қазақстандық мамандарды даярлауға қомақты қаражат бөлуде. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде негізінен үш бағыт: дуальді оқыту жүйесі, стипендиялық бағдарлама, студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру бойынша қазақстандық мамандарды даярлау бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды», - деді А. Жақсыбеков.
Оның айтуы бойынша, компания стипендиялық бағдарлама шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5 студенттің Атырау қаласында «Apec Petrotechnic» жоғарғы техникалық мектебінде білім алуына оқудың барлық кезеңі үшін 6 млн теңгеге жуық көлемде оқу ақысын төлейді, сондай-ақ ең төмен бір жалақы мөлшерінде ай сайынғы стипендия көзделеді – бұл 23 мың теңгеге жуық.
«Сондай-ақ, біз стипендия иегерлерінің міндетті өндірістік практикадан өтуін қамтамасыз етеміз және бос қызмет орындары болған кезде оқу процесі аяқталғаннан кейін оларды жұмысқа орналастырамыз. «Apec Petrotechnic» стипендия иегерлерінің оқу мерзімі екі жыл тоғыз ай. Студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру бойынша 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ембімұнайгаз» АҚ базасында 700-ден астам ЖОО мен колледж студенті, соның ішінде 400-і «Apec Petrotechnic» практикадан өтті, - деп ақпараттандырды А. Жақсыбеков.
Ботагөз Айтжанова