• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
С.Кәрімов: Түлектерді жұмыспен қамту – дуальді білімнің  басымдылығы (ФОТО) 13.10.2016

«Дуальді оқу жүйесін ұйымдастырудың негізгі принциптері: ол оқудың 60% уақыты кәсіпорында, 40% уақыты колледж және жоғарғы оқу орнында өтетіндігі. Бұл берілген функционалдық міндеттерді орындау үшін жұмыс орындарын қамтамасыз ету арқылы өндірістік тәжірибені кәсіпорында өтуді қамтитын кадрларды даярлау болып табылады, кейін оқушының еңбек өтілі болып саналады және сол уақытқа өтемақы төленеді», - деп атап өтті Сәтжан Кәрімов.

Қазақстанда отандық өнеркәсіптің техникалық және технологиялық базасының қарқынды дамуының әсерінен техникалық және кәсіби кадрларды даярлау жұйесін қайта қарастыру қажеттілігі туындады.

Оқудың дуальді жүйесі мұнай-газ саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың және компаниялардың жан-жақты қолдауын алуда.

« Ең бірінші болып мұнай-газ саласындағы оқудың дуальді жүйесін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Интергаз Центральная Азия» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, Атырау мұнай және газ институты, Қазақстан-Британия техникалық университеті енгізе бастады», - деді ол.

Оқыту бағдарламасы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның үш өндірістік құрылымдық бөлімшесі бойынша бөлуді көздейді. Тағылымдама шеберлер мен операторлардың басшылығымен зерттеу жұмыстары цехының «Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторы» мамандығы бойынша жүргізіледі.  

Ботагөз Айтжанова


Back to the list