07.10.2016
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Орталық Азиядағы «Болашақ» бағдарламасының III халықаралық конференциясына Bolashak Alumni Reunion Conference аnd Education Fair – 2016 (BARCEF – 2016) қатысып жатыр. Конференцияға қатысушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы жаңа ұстанымар мен жаһандық білім беру мәселелерін талқылайды.
«Жыл сайын BARCEF әлемдік және қазақстандық жетекші жоғарыоқу орындарының 60-тан аса өкілінің, білім саласындағы беделді халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстандағы 4000-нан аса мектеп оқушысы мен студенттің басын қосады.Жыл өткен сайын BARCEF мүддесінің шеңбері кеңейіп, барынша көп беделді қатысушылар санын қамтитын әлемдік деңгейдегі алаңға, Қазаұстанды әлемге танытатын бірегейіс-шараға айналуда», - деді Е.Сағадиев.
BARCEF 2016 – бағдарлама серіктестерімен білім саласындағы реформалар контексінде «Болашақ» стипендиясын жаңарту мәселелерін талқылауға арналған тиімді платформа ғана емес, сонымен қатар «болашақтықтардың» өздерінің «alma mater» өкілдерімен бейресми жағдайда кездесулерінің бірегей мүмкіндігі болып табылады.