06.02.2015
2014 жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік саласында даму мен инновациялық жетілдіру және алдыңғы қатарлы жетістіктерді жылдамдату үшін ҰКП мен «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік серіктестік орталығы»АҚ арасында Меморандумға қол қойылды.
ҚР ҰКП хабарлағандай, Ұлттық палата мен ШҚО басшылығы қазақстандық немесе жеке меншік инвесторлармен ынтымақтастықтың кеңістігін кеңейтуге мүдделі.
Жобаның артықшылығы ол инвесторларға тиімді басқаруға, халыққа көрсетіп отырған қызметтің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Жобаны табысты жүзеге асыру мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмінің дамуына серпін береді.
Концессия нысаны - Өскемендегі 6 балабақша, семейдегі 5 балабақша. Концессия мерзімі 2015-2034 жылдар.
Жобаның мақсаты -мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын жою.
Жоба шығынының басым бөлігі балабақша күтіміне, қызметкерлердің жалақысына, коммуналды қызмет пен тамаққа, жөндеу жұмыстарына тиесілі.
Болжам бойынша, барлық уақытта шығын көлемі 4 080 млн теңгені құрайды, оның ішінде 643 млн теңгесі инвестициялық шығындар. Бұл инвестициялық шығындар 7 жыл ішінде қайта қайтарылады. Ал, барлық уақыттағы табыс көлемі 917 млн теңгені құрайды.