04.02.2015
Облыста 39 жастар ұйымы, оның 22-сі Ақтөбе қаласында жұмыс істейтінін мәлімдеді. Оның ішінде «Атамекен», «Жас қыран», «Ақтөбе-Даму», «Кеңес» секілді жастар ұйымдары белсенділігімен ерекше көрініп отыр. Жоғары оқу орындарында, техникалық кәсіби білім беру ұйымдарында және облыстың ірі кәсіпорындарында 44 жастар істері жөніндегі комитет жұмыс істейді.
ІСБ хабарлағандай, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін өткен жылы облыстық бюджеттен 197,3 миллион теңге бөлінді.
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жастар саясатын қолдаудың маңызды механизміне айналды. Осы мақсатта өткен жылы 26,8 миллион теңге бөлінді. Облыстағы жоғары оқу орындарында 6580 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда», - делінген хабарламада.
Өткен жылы оқу орындарын бітіргендердің 78,6 пайызы жұмысқа орналасқан. Ал республика бойынша орташа көрсеткіш — 65 пайыз.
Облыста «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен — ауылға!» атты жастарға арналған жобалардың табысты жүзеге асырылып жатқаны да айтылды. «Дипломмен — ауылға!» жобасы бойынша өткен жылы 319 жас маман еңбекке орналастырылған.