03.02.2015
«Ақмола Медиа Орталығы» хабарлағандай, 2015 жылы Сандықтау және Целиноград аудандарында психологиялық-педагогикалық кабинет ашу жоспарлануда. Көкшетау қаласында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналып мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашу жоспарланған.
Ақмола облысы инклюзивті білім беру бойынша үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ыбраев «Звездный» ДСО-да мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру жағдайын ұйымдастыруды тапсырды.