26.01.2015
Астана қаласының статистика департаменті хабарлағандай, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 3369 адам оқиды, бұл оқитындардың жалпы санынан 57,5% құрайды, 2489 адам немесе 42,5%-ы ақылы білім қызметтерін алады. Бітіріп шыққан магистранттар 2632 адамды құрады, оның ішінде 2618 адам немесе 99,5%-ы - диссертация қорғаумен бітірді.
2014 оқу жылы Астана қаласында жоғары ғылыми білікті кадрларды даярлау магистранттар даярлауды жүзеге асыратын 16 ұйымда, докторанттар даярлауды жүзеге асыратын 7 ұйымда жүргізілді.
Магистратурада оқитындар саны бойынша неғұрлым көп ұсынылған мамандықтар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес - 30,1%, техникалық ғылымдар және технологиялар - 16,8%, білім - 12,1% болып табылады.
2014 жылдың соңына докторантурадағы докторанттардың жалпы саны 401 адамды құрады, оның ішінде 265 адам немесе 66,1% - әйелдер. Есепті жылы қабылданған докторанттар саны 154 адам, 8 адам - оқуын бітіргенге дейін шығып кеткендер. Бітіріп шыққан докторанттар саны 72 адам, оның ішінде диссертация қорғаумен бітіргендер - 61 адам немесе 84,7%.
Философия докторанттары (PhD) 401 адамды құрады.
Докторантурада оқитындар саны бойынша неғұрлым көп ұсынылған мамандықтар: жаратылыстану ғылымдары - 20%, құқық - 13,2%, гуманитарлық ғылымдар - 12,2% болып табылады.