26.01.2015
Астана қаласының статистика департаменті хабарлағандай, оқушылардың жалпы саны 28822 адамды құрады, оның ішінде 14258 адам немесе 49,5%-ы әйелдер. Күндізгі оқу нысанында оқушылардың 87,2%-ы оқиды, кешкі және сырттай нысандарында тиісінше 0,2% және 12,6%.
Астана қаласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарында 1434 оқытушы мен 160 өндірістік оқыту шеберлері жұмыспен қамтылды. Педагог қызметкерлердің жалпы санынан 1300 адам немесе 90,7%-ы оқу орындары штатында тұрады, 418 оқытушылар мен 19 өндірістік оқыту шеберлерінде жоғары санаты бар, бұл тиісінше 29,1% және 11,9%-ды құрайды.