• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы 9 мың педагог біліктілігін арттырды – БҒМ 23.01.2015

Жалпы алғанда, 2012-2014 жж. 40 мың мұғалім (педагогтардың жалпы санынан 13,3%) біліктілікті арттырудың 3 айлық курсынан және 150 мың  адам (50,8%) қысқа мерзімді курстардан өтті. 2014 жылы 9 мың педагог оқытылды.

«Бүгінде біліктілікті арттырудың деңгейлік курсынан өткен және біліктілік емтиханын сәтті тапсырған азаматтарға қызметтік еңбекақыдан 30-дан 100% дейінгі жаңа үстеме ақы түрін енгізу арқылы  ұстаз еңбегін ынталандыру жүйесі жасалды», - делінген хабарламада.

Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу үшін келесі бағыттар бойынша мектептердің материалдық-техникалық жағдайын түзеу жұмыстары жалғасуда. Олар: апаттық және үш ауысымдық мектептерді жою, мектептер құрылысы, мектептерді заманға сай құрал-жабдықтармен жарақтандыру.

2014 жылғы 1 желтоқсанда апаттық жағдайдағы мектептер саны 106-ға азайып, 136-ға жетті.

Үш ауысымдық мектептердің саны 22-ге азайып, 99-ға жетті. 


Back to the list