• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мектеп пен  ЖОО-ның бірлесіп жұмыс істеуі  мектеп түлектерінің университетке түсу пайызын арттырды - БҒМ 23.01.2015

Университетте «Мектеп-ЖОО» бағдарламасы аясында атқарылған істердің қорытындысын шығару, ынтымақтастық мәселелері мен перспективаларын талқылау үшін университеттің, қалалық білім беру бөлімінің өкілдері және мектеп директорлары жиналды.

Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, мектеп ЖОО-ның кадрлық ресурстары мен мүмкіндігін пайдалана отырып, өз педагогтарының біліктілігін артыруға, ал түлектеріне болашақ мамандығын таңдауда бағдарлануға, ғылыми ізденіске деген қызығушылықтарын дамытуға, ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі. ЖОО – оқи алатын, нақты мамандық алуға бағдарланған студенттерді алады.

Павлодар қ. білім беру бөлімінің меңгерушісі З.К. Мукашева өз сөзінде мектеп пен ЖОО-ның бірге жұмыс істеу қажеттілігі 2011-2020 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бейіндік оқытуды енгізуге септігін тигізеді.

Зауреш Куантаевна жемісті ынтымақтастық үшін университетке алғыс айтты және ЖОО-мен байланыс мұғалімдердің біліктілігін арттыруды, ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Қала мектептері түлектерінің ЖОО-ға түсу, оқу гранттарын алу пайызының өскендігіне тоқталды. Сонымен, 2014 жылы ИнЕУ-ге оқуға түскен түлектердің жалпы санының 30 пайызы грант бойынша оқиды.

«Білімнің адам капиталына салынатын экономикалық инвестиция және еліміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық платформа ретінде қарастырылатыны маңызды. Инновациялық Еуразия университеті біздің түлектердің жетістігіне қомақты үлесін қосуда», - деді Павлодар қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова мектептегі педагогикалық қызметті ғылыми-әдістемелік қолдау жөнінде сөз қозғай отырып.

Инновациялық Еуразия университетінің бүгінде мектептерге ұсына алатын мүмкіндіктері туралы әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректор п.ғ.д., профессор Б.Д. Каирбекова айтып берді. 


Back to the list