20.01.2015
Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Макен атап өткендей, еліміздің экономикасын дамыту үшін аймақта білікті мамандарды дайындау мәселесі күн тәртібінде тұр. Оның айтуынша, кәсіпорындар оларға қандай маман керек екенін көбірек біледі. «Сондықтан да колледждерді кәсіпорындардың басқаруына сеніп тапсыру логика жағынан да, өзге елдердің тәжірибесі жағынан да білікті маманды даярлау мәселесін шешудің оңтайлы тәсілі», - деді ол.
Палатадан атап өткендей, нысандарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша жалпы механизм ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылдағы Қаулысына сәйкес жасақталды.
Ұлттық палатадан атап өткендей, колледждері кәсіпорындардың сенімгерлік басқаруына беру механизмі нақты жазылып, көрсетілуі тиіс. Ешкімнің құқығы бұзылмай, заң шеңберінде жүзеге асырылған жөн.