12.01.2015
Білім және ғылым министрлігінен хабарлағандай, Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Монғолия сияқты әлемнің 15 елінен 60 команда (400-ге жуық қатысушы) қатысады деп күтілуде.
Халықаралық әділ-қазылар құрамында әлемнің 9 елінің: Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Армения, Азербайжан, Белоруссия, Украина және Өзбекстан ғалымдары жұмыс істейтін болады. Жюрилер төрағасы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы.
Бұдан басқа, 15 қаңтарда Назарбаев Университеті (НУ) ХЖО жеңімпаздарына білім грантары беріледі. 14 қаңтарда Назарбаев Университетіне академиялық бағдарламасы және қабылдау ережесі туралы тұсаукесер (презентация) өткізеді, сонымен бірге 14 қаңтарда Қазақ-Британ Техникалық Университеті де презентация өткізбекші.