• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР-да тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын қаржыландыру көлемі артады – БҒМ 09.01.2015

«Әлемдік тәжірибеде ғылымды қаржыландыру былайша жүзеге асырылады: бөлінетін қаражаттың 40 пайызы негізгі-қолданбалы зерттеулерге бағытталса, 60 пайызы тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына бөлінеді. Өкінішке орай, елімізде негізгі-қолданбалы зерттеулерге бөлінетін қаражаттың үлесі 84 пайыз болса, 16 пайызы тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына тиесілі», - дейді Т.Балықбаев.  

«Қазіргі таңда біз тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемін арттырып, ғалымдардың бизнеспен бірге ғылыми жұмыстардың нақты нәтижесін ұсынуына жағдай жасап жатырмыз», - дейді.

Вице-министрдің айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі гранттық жаңа бағдарламалар дайындауда.

Айта кету керек, 2050 жылға қарай Қазақстандағы ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің кемінде 3 пайызын құрауы керек.

Камила Амирова


Back to the list