30.12.2014
Кеңесте білім және ғылым министрлігінің, Бас прокуратураның, жоғары оқу орындарының, Қазақстанның Азаматтық Альянсы және ҮЕҰ басшылары қатысты.
Отырыс барысында Комиссия қызметінің қорытындылары және ЖОО-дарын тексеру нәтижелері туралы есептер тыңдалды.
Сонымен, оларды оңтайландыру нәтижесінде бұрыннан жұмыс істеп тұрған 136 оқу орнының 127-сі білім беру қызметін атқарады. Комиссия мүшелері еліміздің жоғары оқу орындарының қызметі мен оларды жаңғырту туралы халықты ақпараттандыру тұрғысынан ҚР БҒМ-нің ақпараттық-насиахаттау жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.
Бұдан өзге, Комиссия сот тәртібінде материалдарды одан әрі сәйкес органдарға бағыттай отырып, екі ЖОО-н білім беру лицензияларынан айыру туралы шешім қабылдады.
Кеңесте сондай-ақ, білім беру стандарттарына сәйкестігі, білікті кадрларды тарту және материалдық-техникалық базаның болуы тұрғысынан бірқатар ЖОО-дарының қызметі туралы мәлімет ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев жоғары оқу орындарын жаңғырту тетіктерін жетілдіруге, оларды оңтайландыруға, сондай-ақ түлектерді еңбекпен қамту мониторингісінің тетіктерін жасауға және білім, ғылым және инновацияларды ықпалдастыру деңгейін арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.