23.12.2014
Бүгін Мәскеу қаласында Ресей Федерациясына Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сапары шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов және РФ Білім және ғылым министрі Д.Ливанов ҚР білім беру жүйесіне Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақшаны беру туралы келісімге қол қойды.
Бұл ұйымдарда оқыту алдағы уақытта қазақстандық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын болады.