19.12.2014
Әкімдікте хабарлағандай, қазіргі таңда облыста өзге елдерде сияқты «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Ол 3-6 жас аралығындағы балалардың 98 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік берді.
Айта кетерлігі, жақында Саран қаласында, Шет ауданы Ақадыр ауылында балабақшалар ашылды. Мемлекеттік және жеке меншік серіктестік аясында Қарағандыда 2 балабақша ашылды. Жыл соңына дейін Приозерск және Осакаров ауданында балабақша салу жоспарланған.