15.12.2014
« «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының аясында Қазақстан ЖОО-ларына маман дайындауда дуальды жүйені қолдану мәселесі айтылған болатын. Лабораторияның ашылуымен мамандарға қызмет көрсету саласында көптеген тәсілдерді игеру мүмкіндігі туды», - делінген хабарламада.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті Мемлекет басшысының жоғары білікті мамандар дайындау тапсырмасын орындау мақсатында туризм факультетінде ғылыми-тәжірибелік лаборатория ашты.
«Ақмола медиа» хабарлағандай, аталмыш жоба Ақмола облысының курорттық аймағы үшін білікті мамандарды дайындауда таптырмайтын бағдарлама. Себебі, жоба мамандарға демалу индустриясында тәжірибелік қабілетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Лабораторияның ашылуы- Жолдау аясындағы тапсырманы жүзеге асыратын нақты қадам.