• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодарда көптілді білім беру мәселелері талқыланды 09.12.2014

Семинарға С.Торайғыров атындағы ПМУ Қазақ тілін жеделдетіп оқыту және көптілді білім беру оқу-ғылыми практикалык орталығы мұрындық болды.

«Шараның негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің нәтижелілігі мен тиімділігі үшін қазақ, ағылшын, орыс тілдерін оқытудың қосымша түрлеріне жаңа жол мен амалдар табу», - делінген хабарламада.

Семинар екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде  тілді меңгеру деңгейін ескере отырып, қазақ және шетел тілдерін оқытудың қосымша түрлерін ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері қаралды. Екінші кезеңде тілді оқытудың ғылыми-практикалық әдістері яғни, көптілді мамандарды дайындауда кәсіби-құзіреттілік амалдарды қалыптастыруға бағытталған ұжымдық әдістер талқыланды.

Семинар жұмысының модераторлық қызметін ф.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті Айнұр Кәріпжанова, «Филология: шетел филологиясы» мамандығының магистрі, С.Торайғыров атындағы ПМУ академиялық ұтқырлық орталығының басшысы Құндыз  Мұқатаева атқарды. Сонымен қатар, семинар жұмысына  ағылшын тілі оқытушысы Гарри Лидс (Нью-Йорк, АҚШ) қатысты.

 


Back to the list