07.12.2014
Халықаралық турнирде қол жеткізген бұл жеңіс Еуразия ұлттық университетінің кәсіби мамандарды даярлауының жоғары деңгейде екенін көрсетті: кәсіпорын қатысушыларын бағалау EFQM жетік моделі бойынша бағаланған.
Жеңімпаздарға жүлде тапсыру рәсімі Еуропалық сапа ұйымы (EOQ) Бас Ассамблеясының 123- отырысында өтті және бұл шараға 30-дан аса еуропалық сапа жөнінен ұлттық ұйым көшбасшылары мен Еуропалық Кеңес Президенті Ван Ромпейдің өзі қатысты.
Айта кету керек, турнир жүлдегерлері EFQM жоғары марапаты үшін ұйымдастырылатын байқауға қатысуға ұсынылады.
Айта кетейік, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сапа жағынан халықаралық турнирі Украина Сапа Ассоциациясының ұсынысымен Бүкілресейлік сапа ұйымы, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сапа жағынан ұлттық ұйымдары, Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) қолдауымен 2005 жылдан бері өткізіліп келеді.