• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астаналық оқушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша интерактивті сабақ өткізілді 03.12.2014

Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық құралдарды қолдану, балалардың отпен ойнауыкезіндеөрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болатын өрттерді және адамдардың өрттен қаза болуын, материалдық шығынды азайтуды алдыналу мақсатында Өрт қауіпсіздік саласында бақылау және алдын алу басқармасының қызметкерлері  Ж.О.Күселбаев пен М.Н.Мадыбековтың қатысуымен Астана қаласының орта мектептерінде интерактивті сабақ өтті. 

«Сабақта мереке кездерінде, жаңа жыл іс-шараларын өткізу кезінде өрт қауіпсіздк шараларын сақтау, және де пиротехникалық құралдарды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақталу жөнінде ескертті», - деп хабарлады ТЖД. 

ТЖД қызметкерлерімен бірге сабақта Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Г.Д.Сералиева, фельдшер Е.Носымбеков «Эбола ауруының пайда болу белгілері» тақырыбында түсініктеме сабақ жүргізді. 

Оnline-байланыс түрінде өткен сабаққа астананың 15 мектебінен   375 оқушы мен қызметкер қатысты. 

 


Back to the list