20.11.2014
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ бірінші проректоры Т.Н.Жарқынбеков кіріспе сөзін сөйлеп, құзыретті мамандарды сапалы даярлау, білім беру сапасына қатысты мәселелер, білім беру сапасының көрсеткіштері және осы сияқты білім беру саласының маңызды аспектілерін атап өтті.
Министрлікте хабарлағандай, конференция соңында «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаменті» ММ-мен бірге студенттер мен магистранттардың бірлескен оқу-өндірістік тәжірибесін өткізу, ғылыми-зерттеу, шаруашылық келісімшарт жұмыстарын жандандыру жөнінде шешім қабылданды.