20.11.2014
«Мәжіліске қатысушылар балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру бойынша кешенді жүйелі шаралар қабылдау, республикадағы балалар мен жасөспірімдер туризмі саласындағы қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша министрлік пен ұйымдардың өзара әрекеттестігі мәселелері талқыланады», - делінген хабарламада.
Тұжырымдамалық тәсілдер жобасы білім беруді басқару, туризм және спорт, дене шынықтыру мәдениеті, туристік бағыттағы қоғамдық және жастар ұйымдары органдары, орталықтағы және жергілікті жерлердегі мемлекеттік билік органдары арасындағы құзыреттілікті шектеу ұстанымына сүйене отырып, балалар және жасөспірімдер туризм жүйесін басқаруды жетілдіру жолдарын және механизмдерін қарастырады.
Тұжырымдамалық тәсілдерді жүзеге асыру балалар және жасөспірімдер туризмінің инфрақұрылымын дамытудың негізгі аспектілерін қамтамасыз ету және тартымдылығын арттыруға, осы саланы тиімді мемлекеттік реттеу механизмін құруға және қолдауға мүмкіндік туғызады.
Мәжіліске қатысушылар балаларға қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағытын дамытудың неғұрлым тиімді жолдары анықталған ұсынымдамалар әзірленеді.