• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда оқу үрдісіне бизнес-құрылымды тарту аса қажет – Портер 18.11.2014

«Ұлыбританияда бизнес пен білім беру қарым-қатынасы дамыған деңгейде. Бизнес өкілдері жұмыс берушілер ретінде студенттердің оқу жоспарын дайындауға белсенді араласады. Біз стандартты білім беруден бір қадам алға жылжыдық. Бизнес білімнен не күтеді, ол қандай қабілеттілік қажет екенін түсінуге жол ашады», - деді ол.

Оның пікірінше, бизнес пен оқу құрылымдарының өзара байланысын Қазақстанда да қолдануға болады. «Бұл жерде тек айтып қана қоймай, оларды шақырып, кеңістікті таныстыру қажет», - деді ол.

Ұлыбританияда Э.Портер атап өткендей, өндірістік бағыттағы ЖОО-лар үлкен қажеттілікке ие. «Мұнай газ саласы өндірістік сала сияқты  жақсы көрсеткішке ие. Біз бұл үрдісті жас, жаңа дамып келе жатқан салаларда да байқап отырмыз. Күрделі бағдарламалық қамтуды әзірлеу, машина құрылысы және жасыл технологиялар», - деді ол.

Сондай-ақ, TVET  UK атқарушы директоры Мэттью Андерсон британдық тәжірибені Қазақстанға енгізуді қолдады. «Біз Қазақстанмен 7 жыл бойы серіктестік құрудамыз. Атап айтсақ, ынтымақтастық БҒМ, кәсіптік мамандарды дайындайтын компаниямен орнатылған. 7 жыл ішінде 20-дан артық келісім жасастық. Біз британдық тәжірибені Қазақстанға енгізу үшін бар күшімізді салудамыз. Біздің тәжірибені қазақстандық нарыққа бейімдеудеміз», - деді ол. 

Камила Амирова 


Back to the list