• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
А. Тілеуов: қазақстандық 10 оқу орнында  ғылымның өндіріс және білім берумен байланысы қамтамасыз етіледі (Брифинг бейнебаяны) 18.11.2014

«Индустрияландыру бағдарламалары аясында Қазақстанның  10 оқу орны белгіленді, оларда ғылымның өндіріспен және білім берумен байланысы қамтамасыз етілетін болады», - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар, профессор атап өткендей, аталмыш оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 3 жыл бойы 10 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

«Бұл қомақты қаржы, осы ретте оларды дұрыс игеру басты міндет.  Қаржы білікті мамандарды даярлауға, қажетті сала бойынша техникалық мамандарды даярлауға бағытталуы керек», - деп жалғастырды А. Тілеуов.

Бұдан басқа  техника ғылымдарының доктары атап өткендей, білікті мамандарды даярлау жолында  жетекші жоғарғы оқу орындарының академиялық және басқарушылық автономияға кезең-кезеңімен көшіру керек.


Back to the list