• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодарда «Аламан-2014» аймақтық жастар слеті өтті 17.11.2014

Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, аталмыш іс-шараның ұйымдастырушысы – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты. Биылғы жылы «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша ПМПИ-де Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен арнайы грант негізінде 140 студент білім алуда.

«Жастар слетіне сонымен қатар бизнес-колледж бен техникалық колледждің студенттері қатысты.«Серпін-2050» бағдарламасымен оқып жатқан барлық студенттер – болашақ  ұстаздар. Бүгінгі таңда ұстаз мамандығына ерекше көңіл бөлінуде. Елбасы жоғары мақсат қойған: Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру», - делінген хабарламада.

Студенттер білім алуға осындай берілген мүмкіндіктері үшін ризашылығын білдірді.

Жастар оқу жылы басталғалы қоғамдық өмірге белсенді қатысып танытуда жатқандарын атап өтті. Әр түрлі іс-шараларға қатысып, тек қана өз оқу орындары туралы емес, сонымен қатар қаланың мәдени көрікті жерлері туралы көптеген қызықты мағлұмат жинауда.

«Аламан – 2014» аймақтық слет шеңберінде ПМПИ-де бірнеше шығармашылық және спорттық іс-шаралар өткізілді. Салтанатты кездесуде қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

 


Back to the list