14.11.2014
Форумға қатысушылар мен шетелдік қонақтар стипендияны жүзеге асырудың негізгі экономикалық бағыттарын, қазақстанық оқу орындарының ғылыми әлеутін дамыту сынды бірқатар маңызды мәселелерді талқылауда. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында мемлекеттік білім беру саласының даму мәселесін тілге тиек етті.
«Біздің Елбасы білім беру саласы мен жастар мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Өзінің Жолдауында Мемлекет басшысы мектептер мен балабақшаларды салу туралы тапсырмалар берді. Ал, «Болашақ» бағдарламасы біздің білім беру саламызды жаңғыртуға мүмкіндік берді. Бүгінде Болашақ географиясы кеңейіп келеді, бұл өз кезегінде бағдарламаның маңыздылығы мен қажеттілігін тағы бір дәлелдей түседі», - деп атап өтті А. Сәрінжіпов.
Айта кетерлік жайт, ауқымды шара барысында Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері кең ауқымды рекрутингілік компания мен халықаралық академиялық әрі тілдік бағдарламалардың өзекті модельдерінің таныстыруын өткізеді.