11.11.2014
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – бұл, ең алдымен, апаттық мектептер мен үш ауысымда оқу мәселесін шешу. Бұл проблеманы түбегейлі шешетін уақыт жетті. Бұл біздің сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үш жылдық бюджетте қарастырылған қаражат бұл мәселені 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан үкіметке осы мәселені шешуге қосымша 70 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Елбасы.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ЖОО-лардың материалдық-техникалық базасын құрастыруды тапсырды, 2017 жылға қарсы бұл мақсаттардың жүзеге асуына 10 млрд теңге бағыттауды тапсырды.
«Тағы бір мәселе – балабақшалар тапшылығы. Орын жетіспеушілігін қысқартуға үш жыл көлемінде қосымша 20 млрд теңге бағыттауды тапсырамын. Бірақ, бұл мәселеде, мемлекеттік қаржыны жұмсауға әуестенбеу керек. Жеке бизнесті тарту керек, әкімдердің бұл жұмысты мықтап қолға алғаны жөн», - деді Мемлекет басшысы.
Камила Амирова