07.11.2014
«Мамандарды дайындау жүйесі экономика секторының нақты қажеттіліктеріне бағытталуы керек. Тиісінше, өңірлік деңгейдегі жүйе жергілікті еңбек нарығы мен экономиканың даму қажеттілігіне бағытталуы тиіс. Бұл дәлелді қажет етпейтін аксиома», - дейді Әбдіқалықова.
Осы орайда аталмыш мәселені шешу әдістері барлық тиісті тараптармен мұқият келісілуі керектігін айтты Үкімет басшысының орынбасары.
«Бұл мәселемен Маңғыстау облысы бетпе бет келіп, мұнай-газ саласы мамандарын дайындауды тоқтату туралы шешім Білім және ғылым министрлігінің пікірін ескерместен, БАҚ-та жарияланып кетті», - дейді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту, елдегі химиялық кластердің даму болашағы мен аграрлы сала мен Жамбыл облысының дамуы сөз болды.