• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР БҒМ Ұлыбританиямен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды 07.11.2014

Министрліктен хабарлағандай, британиялық тарапты таныстырған Ұлыбританияның сауда және инвестиция министрі Лорд И. Ливингстон Қазақстанда 20 жыл бойын белсенді жұмыс істеп келе жатқан және ағылшын тілі, білім беру мен мәдениет салаларында бірқатар жобаларды жүзеге асырған Британ кеңесінің жұмысы туралы әңгімелеп берді.

«Қазақстан мен Ұлыбританияның серіктестігі министрлік пен Ұлыбритания колледждері қауымдастығы арасындағы Меморандум аясында жүргізілуде. Осының арқасында Қазақстанда Ұлыбританияның колледждерімен тікелей байланыс орнатылған», - деді білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Бұдан басқа, қазақстандық жоғарғы оқу орындарда Ұлыбританияның жетекші ғылыми-білім беру орталықтарымен, атап айтар болсақ Кембридж, Манчестер, Букингем және Манчестер Метрополитен университеттерімен ынтымақтастық орнатқан.


Back to the list