06.11.2014
Білім және ғылым министрлігінде хабарлағандай, бақылау іс-шарасы «Білім туралы» ҚР Заңының 55 бабына сәйкес студенттердің оқуды аяқтау кезеңінде жоғары оқу орындарында білім беру ұйымынан сырттай бағалау жүйесін қалыптастыру үшін енгізілді.
Биыл кешенді тестілеу 6 бағыт 67 мамандық бойынша өтеді: жаратылыстану ғылымдары – 12 мамандық, ауыл шаруашылығы ғылымдары – 12 мамандық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 6 мамандық; құқық – 3 мамандық; техникалық ғылымдар және технология – 28 мамандық; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету – 6 мамандық бойынша 51 136 студент өтеді, оның -29 176 мемлекеттік тілде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті хабарлайды.
«Мониторингтен алынған мәлімет пәнді оқытуды жақсартуда негізгі әдістемелік нұсқаулық болып табылады. Сонымен қатар, нарықтық экономика жағдайында маман даярлауда білім беру ұйымдарының рейтингін анықтау үшін қолданылады», - делінген хабарламада.
Сырттай бағалау нәтижесі республикадағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамада көрсетіледі.