04.11.2014
«Дамыған елдерде ғылымды қаржыландыру көлемінің басым бөлігі жеке секторға тиесілі. Мәселен, Жапония мен Германияда ол 70% құраса, Финляндияда - 65%, АҚШ - 64% көрсетті. Мемлекет басшысы атап өткендей, ғылымды инвестициямен жеке бизнес қамтамасыз етуі керек және әр компания өзінің табысының 1% ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсауы тиіс. Ғылым, білім мен инновация экономикада шешуші роль атқарады. Осы мақсатта Қазақстанда аталмыш құрылымдарды дамытуда өзара байланысты нығайту керек», - деді Г. Әбдіхалықова.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова атап өткендей, бүгінгі форумды білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп өткізуде.
«2011-2013 жылдар аралығында 33 инновациялық жоба 4,5 млрд. теңге көлемінде қолдау тапты, және Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті негізінде материал жасау халықаралық орталығы ашылды. Технологияларды коммерциялау үрдісі толықтай Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жобаларды басқару тобының бақылауында. 2013 жылы Қазақстанда «Технологияларды коммерцияландыру» жобасына республикалық бюджеттен 61,6 млн доллар жұмсалды және тағы 13,4 млн долларды Дүниежүзілік банк қарызға берді»,- деп сендірді ол.
Г. Әбдіхалықова атап өткендей, мемлекеттің әлемдік ақпарат көзіне қолжетімділігі арттырылды.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде ағымдағы жылдың 4-5 қараша аралығында «Технологияны коммерцияландыру» Халықаралық Форумы алғаш рет өтуде. Форумға қазақстандық компаниялар мен технологиялардың 49 жобасы қойылады. Бұлар «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында қолдау тапқан өнімдер
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Алиев