• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО мен БҒМ «Балаға мейірлі қала» жобасы аясында меморандумға қол қойды 26.10.2014

«Конференция барысында ҚР заңнамаларын жақсарту, балаларға қатысты әділет сапасын көтеру, әділ сот жүйесінде кәмелетке толмаған балалармен айналысатын орталықтарын жақсарту, балалықшақтың әлеуметтік амандығының деонтологиялық негіздері, кәмелетке толмағандар арасындағы бұзушылықты алдын алу, балалардың қоғам және мемлекет өміріне қатысуына құқықтарын іске асыру жөніндегі мәселелерді талқылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенция қағидаларын жүзеге асыру туралы тәжіребие алмасу және талқылау жүргізілді, балалар құқықтарын қорғау саласында қол жеткізген жағымды өзгерістері көрсетілді, Қазақстан балаларының тұрмыс сапасын жақсартуына бағытталған перспектива және бастапқыларын анықтау жұмыстары жүргізілді.

Конференцияның екінші бөлімінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Семей және Өскемен қалаларының әкімдіктері арасында «Балаға мейірлі қала» бастамасын іске асыру шеңберіндегі әрекеттестік меморандумына қол қою салтанаты  өткізілді.


Back to the list