• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҒМ педагогикалық білімге деген талапты күшейтпек 16.10.2014

Министрліктің хабарлауынша, кеңес барысында педагог кадрларды даярлау, білім беру реформасы, жалпы білім беретін мектептерді педагогтік кадрлармен қамтамасыз ету, шетелдік әріптестердің қатысуымен Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ жоғары білім беруде дайындық бағдарламаларын қарастыру мәселелері талқыланды.

Кеңес жұмысына Педагогтік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің құрамы, Кембридж университетінің халықаралық сарапшылары, сонымен қатар ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» мен И.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері қатысты.

Өткізілген Кеңес қорытындысы бойынша педагог кадрларды даярлауды әрі қарай жетілдіру мәселесі бойынша ұсыным қабылданатын болады.


Back to the list