16.10.2014
«Тәжірибе көрсетіп отырғандай көптеген өндіріс ошақтарында бұрынғы мамандар жұмыс істейді. Себебі, жас мамандардың біліктігі жұмыс берушілердің ойынан шықпайды. Мамандардың айтуынша, жастарды алдағы 3-4 жыл бойы мамандықтары бойынша үйретуге тура келеді», - делінген хабарламада.
Ақпараттық орталықтан түсіндіріп өткендей, бұл мәселені шешу үшін тиімді механизмдер мен әлемнің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті өнімділігі жоғары кадрларды дайындайтын технология керек. Қалыптасқан жағдайдын шешімін табу жолында ШҚО-да мамандарды даярайтын жаңа жүйе енгізілуде. Бұл мәселеге ШҚО-ның білім басқармасы мен Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандум серпін берді.
Аталып өткендей, меморандум шеңберінде аймақта пилоттық жоба жүзеге асырылады. ҚазҰУ өз қамқорлығына Өскеменнің 3 мектебі мен Семейдің 2 оқу орнын алады. Ұлттық университеттің профессорлары өңірдегі әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөліседі. Бұл ретте оларға арнайы семинарлар ұйымдастырылады. Сондай-ақ педагогтардың біліктілігі де арттырылады, себебі білім беру саласындағы басты аксиома кәсіби педагогтың болуы.
«ШҚО-дағы білім сапасын арттыру мақсатында жергілікті орта мектеппен келісімге қол қойылды. Біз талантты жастардың көрші Ресейдің Томск, Новосибирск және Алтай өңірлеріне кетуін тоқтатқымыз келеді», - деді Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті ректорының кеңесшісі Евгений Ан.