16.10.2014
« «Дарын» Мемлекеттiк жастар сыйлығы Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметтерi үшiн берiледi. Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі», - делінген хабарламада.
Ведомствода хабарлағандай, сыйлық ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.
Сыйлық алу үшін қызметі инновациялық болып табылатын, тиісті саланы және жалпы қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.