13.10.2014
«Көрмені «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов ашты. Шараға Berkley College, University of California, Portland State University, North Dakota State University, Boston University Metropolitan College секілді 30-дан астам америкалық университеттер мен колледждер қатысты», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, жыл сайынғы көрме АҚШ пен өзге де әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарының халықаралық білім беру артықшылықтарын танытады. Көрме аясында Орталық қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура, резидентура, докторантура, ғылыми, педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамадан өту туралы кеңес берді.