• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сәрінжіпов Қазақстандағы оқулықпен қамту шараларының кемшіліктерін түсіндірді 13.10.2014

«Басты мәселе оқулықты жоспарлау мен дер кезінде сатып алу. Жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың оқулықпен қамтамасыз етуге жеткілікті деңгейде қаржы бөлінбегені байқалып жатады. Жалпы, елдегі қажеттіліктің қанағаттандырылмау көлемі 3,6% деңгейінде. Оған себеп жоспарлау жүйесінің олқылығы. Сонымен қатар, сатып алу келісімінің құрылуы да өз деңгейінде орындалмайды», - дейді А.Сәрінжіпов.

Министрдің айтқан тағы бір кемшілігі алдағы жылдағы оқушы санын есептеу тетіктеріне байланысты. Мектептер тапсырыс бергенде келер жылғы оқушылар санының артуына көңіл аудармайды. «Оқулық санын жоспарлау кезінде оқушылар санының артатыны есепке алынбайды», - дейді ол.

«Баспадан шыққан кітаптың мектепке дер кезінде жеткізілмеуі де шәкірттердің дер кезінде оқулыққа қол жеткізе алмауына себеп болып отыр. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сай, оқулықтарды тиісті жерге жеткізу қызметін тұтыну байқау процедурасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Орта есеппен алғанда байқау жарияланғаннан бастап кітапты алғанға дейін 50 күндей уақыт өтеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін көктем кезінен бастап кітапқа тапсырыс бере бастау керек», - дейді ол.  

Сонымен қатар, оқулықты коммерциялық делдал жүйесінің дамымағаны байқалады. «Қазіргі таңда көптеген елдерде оқулықтарды жеткізу мерзімі мен сапасын арттыру үшін оқулық өндірісі мен тасымал процестерін бөліп тастаған», - дейді А.Сәрінжіпов.

Камила Амирова                                               


Back to the list