02.10.2014
ҚР БҒМ айтқандай, отырысқа педагогикалық жоғарғы оқу орындарының ректорлары, Астана және Алматы қалалары мен облыстық білім басқармаларының басшылары, республикалық және педагогикалық колледждердің директорлары, кәсіподақ ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Өзекті мәселелер арасында – ұстаз мәртебесін көтеру, мұғалімнің бала тәрбиесі мен оқуына қосқан үлесін мойындау, педагогты материалдық тұрғыда қамтамасыз ету шаралары, мұғалімнің психологиялық-педагогтық құзіреті, арнайы және инклюзивті білім беруді кадрмен қамтамасыз ету, тағы басқа тақырыптар болды.
«Тәрбие – отбасы мен мектептің ортақ қызметінің ажырамас бөлігі. Ал мұғалім тәрбие үлгісінің негізіне айналу керек. Сондай-ақ, ұстаз тек оқу процесіндегі үйретуші ғана емес, шәкірттердің бойына азаматтық және рухани құндылықтарды дарытатын жан болуы тиіс», - деді А.Сәрінжіпов.