• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматының білім беру жүйесінде 26 мыңнан астам адам жұмыс істейді 01.10.2014

Мұғалімдер күніне арналған шараға білім саласының ардагерлері, ұстаздар, оқулықтар мен әдістемелердің авторлары қатысты.

Қала басшысы мұғалім тек білім беретін жан ғана емес, сонымен қатар ол руханилық пен адамгершіліктің бастауы деді. Өйткені оларға Қазақстанда 10-20 жылдан кейін қандай ұрпақтың өмір сүретіндігі жөнінде ерекше жауапкершілік жүктелген. Демек, білімнің негізгі арқауы - мұғалім, ұстаз.

«Қаланың білім беру жүйесінде 26 мыңнан астам адам еңбек етеді, олар өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беріп, беделді міндеттемені атқаруда. Сондықтан біз Алматы қаласында ұстаздарға материалдық қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді іске қосудамыз. Биыл креативті, шығармашылықпен еңбек ететін 1000 үздік мұғалім 300 мың теңгеден бір реттік сыйақы алды», - деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі өскелең ұрпаққа терең білім, сапалы тәрбие беруге зор үлес қосқан ардагер ұстаздарға алғыс айтты. Бүгінгі таңда Қазақстанның болашағы жолында тер төгіп жүрген бүгінгі атқамінерлер бір кездері ұстаз алдын көрген шәкірттер еді.


Back to the list