18.09.2014
«ҚМГ демеушілік және қайырымдылық бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын аталмыш жоба «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің 50 баласын, тұрмысы нашар отбасыларының балалары мен әр аймақтағы жетім балаларды мұнай-газ саласындағы қолжетімді мамандықтар бойынша ағылшын тілінде оқытуды қарастырып отыр», - деп хабарлады ұлттық компания.
Оқу бағдарламасына жұмысшы мамандықтары бойынша дайындау және ағылшын тілі, физика, химия және математика пәндері бойынша интенсивті курстар кіреді. Жоба шетелдік әріптестердің білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып, оған Оңтүстік Альберт Институты - SAIT Polytechnic (Канада), Британдық кеңес, GSE Systems, PetroEd және SPT секілді мұнай-газ саласындағы ұйымдар мойындаған консорциум оқытушылары тартылады.
Балаларға білім беру қаржысымен қоса демеушілік қаржы есебінен балалардың тұратын орны, тамағы, ай сайынғы шәкіртақысы және Атырау қаласына жету жол қаражаты төленетін болады.
«Мамандық бойынша базалық білім алу» жобасының мақсаты ҚМГ компаниялар тобында мұнайшылар әулетінің сабақтастығын қолдау, сондай-ақ әлеуметтік жауапты компанияның тарапынан жасалатын жәрдем арқылы білім алуға мүмкіндік беру болып табылады.
Оқуды бітірген соң әрбір тыңдаушы қазақстандық үлгідегі сертификат пен IADC (International Association of Drilling Contractors) стандартындағы сертификатқа ие болады.