• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада мәдени-инабаттылық қыздар  институты  ашылады 16.09.2014

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыту-тәрбие беру институтының мақсаты – қазіргі заманғы  әлемнің  өркениетті-мәдени кеңістігінде  қазақ қыздарының  ұлттық келбетін, жарасымды өнегесін  таратуға қолдау көрсету.

« «Қазақ қызы» жобасы «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асуына бағытталған. Ол қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттауға атсалысады. Сондай-ақ,  Елбасы Н. Назарбаев қойған міндеттерді, яғни мәденитетті дамыту, болашақ ұрпақты тәрбиелеуді «Нұр Отан» партиясы, Астана қаласының әкімдігі, «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры», ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы қолдады», - делінген хабарламада.

18 қыркүйек күні өтетін қыздар институтының ашылуына қоғам қайраткерлері, саясаткерлер қатысады. 


Back to the list