15.09.2014
«Таяудағы 5 жыл ішінде біздің 10 ЖОО үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын болады. Ол үшін жоғары қаржы бөлінеді, жаңа оқыту бағдарламалары мен материалдық, профессорлық-оқытушылық база құрылатын болады», - деді вице-министр.
Оған қоса,Т. Балықбаевтың айтуынша, ЖОО-лар Үкімет іріктеуінен кейін белгілі болады.
«Бүгінде Үкімет таңдайтын 10 ЖОО мамандарды дайындайтын болады. Алдымен, алдын ала іріктеу кезеңі содан кейін ЖОО таңдалынады, қазір оларды атай алмаймыз», - деді ол.
Индира Қауметова