15.09.2014
«Екі күндік Қазақстан-Фин семинары айтарлықтай жаһандық мәселеге арналған. Атап айтар болсақ, ол техникалық және кәсіптік оқыту жүйесінің сапасы, еңбек нарығындағы мамандардың біліктілік мәселелері, кәсіби стандарттар, халықаралық бағдарламалар секілді мәселелерге арналған. Біз шетелдік тәжірибені игеру, олардың ұсыныстарын пайдалану, соның ішінде техникалық және кәсіптік оқыту жолдарын үйрену үшін халықаралық мамандарды тартып, әріптестер ретінде фин мамандарын шақыртып отырмыз. Менің ойымша, аталмыш шара екі жаққа да оң әсерін әкеліп, біздің тәжірибе де шетелдіктердің қызығушылықтарын оятады», - дейді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі оқытуды жаңғырту департаментінің директоры Сабыржан Мадеев.
Шарада сапаны басқарудың саясаты мен стратегиясы, жұмысшы мамандар біліктілігі, колледж оқытушыларының деңгейі, инновациялық оқыту бағдарламалары секілді заманауи техникалық және кәсіптік оқыту тақырыптарына көңіл бөлінді.
Айта кету керек, мұндай шаралар техникалық және кәсіптік оқыту сапасын арттыруға бағытталған білім беру процесінің барлық қатысушыларының бірлескен шешімін дайындау алаңын құруға бастау болады.
Индира Қауметова