15.09.2014
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.
Кең, жарық ғимараттың іші жайнап тұр. Балабақша қазіргі заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Бұған қоса, балабақшаның бір ерекшелігі сол, мұнда 1-2 жастағы балалардың да тәрбиеленуіне мүмкіндік бар.
«Атырау облысында жыл соңына дейін 280 орындық он балабақша ашу жоспарлануда. Соңғы екі жылдың ішінде 67 мектепке дейінгі ұйым ашылып, бес мыңға жуық баланы қамтыды. Алайда, жасыратыны жоқ, облыста балабақшаға қажеттілік әлі де басым. Қазір кезекте 18 мыңға жуық бүлдіршін тұр. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыс қарқынды жүруі тиіс», - деп, облыс басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы елді мекен тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Бүлдіршіндерге үш тілде білім беру үшін барлық жағдай қарастырылған. Асхана, ойын залы, жатын бөлмесі және тағы басқалары соңғы үлгіде жасақталған.