04.09.2014
«Ағымдағы жылы байқау қорытындысы бойынша жетім балалар үйінің 355 түлегі таңдаған мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнында және колледжде мемлекеттік грант бойынша білім алуға мүмкіндік алды», - деп ағынан жарылды З. Оразалиева.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, 2013 жылы жетім балаларды және ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды тұрғын үй және біліммен қамтамасыз ету бойынша арнайы заң қабылданды.
«Өткен жылы жетім балаларды және ата-ананың қарауысыз қалған балаларды тұрғын үй және біліммен қамтамасыз ету бойынша арнайы заң қабылданды. Бұл заң олардың алдыңғы кезекте баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Ал, білім алу барысында тегін тамақ, кітаптармен және қажетті заттармен қамтамасыз ету көзделген. Сонымен қатар, аталмыш санаттағы балалар арнайы жәрдемақы алуға құқығы бар», - деді З. Оразалиева.
Индира Кауметова