• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа ғимараты ашылды 02.09.2014

Заманауи жаңа ғимарат үш қабаттан, 14 блоктан тұрады. Онда 720 оқушыға дейін еркін білім ала алады. Ғимаратта 65 кабинет, жеке шұғылдану кабинеттері мен психологиялық дәріс кабинеттері, акт залы бар.

Сонымен қатар, оқушылардың денсаулығы арнайы медициналық кабинеттерде бақыланып, 120 адамдық кітапхананың оқу залы шәкірттерге қызмет етеді. Сондай-ақ, мұнда телестудия да бар.

Мектеп ғимаратында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалынған: екі спорт залы, дене шынықтыру залы, жүгіру жолағы мен футбол және волейбол алаңдары, теннис орындары бар.

Мектеп Қазақстанда, Ресейде, Германияда жасалынған замануи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Мультимедиялық кабинеттер мен зертханалар, жаңа компьютерлік жүйелер, нано және биотехнологиялық зертханалар оқушылардың заманға сай білім алуына мүмкіндік бермек.

 


Back to the list