02.09.2014
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, 200 орындық жалпы білім беретін мекеменің құрылысына 515 млн 310 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Жанғылды ауылының оқушылары екі қабатты мекемеде, заманауи қондырғылармен жабдықталған оқу ордасында білім алатын болады.
Жаңа мектепті аша отырып, облыс әкімі Алик Айдарбаев Қарақия ауданының Құрық ауылында 300 адамға арналған мектеп-интернат және 75 балаға шақталған балабақша ашылғанын атап өтті.
«Жыл соңына дейін 2160 орынға шақталған тағы 2 орта мектептің құрылысын Жаңаөзен және Түпқарағай ауданында аяқтау көзделген. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қарақия ауданында 2 жалпы білім беретін мектеп салынуда», - деді аймақ басшысы.