• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда 24 мың оқушыға  тұңғыш рет алғашқы қоңырау соғылды 02.09.2014

Шаһар басшысы биылғы жылы Алматы мектептерінде 188 мыңнан астам оқушы білім алатынын тілге тиек етті, оның ішінде 24 мың бүлдіршін бірінші сынып оқушысы атанды. Алматы шекарасы 23,2 мың Га-ға ұлғайғандықтан, қала балансына 15 мектеп қосылды. Жалпы шаһар көлемінде 201 мемлекеттік мектеп қызмет етуде.

«Қала аумағына өткен барлық 15 мектепке жаңа оқу жылына дайындалуы үшін, әрқасысына 3 млн. теңгеден бөлдік. Білім деңгейін жақсарту мақсатында, бұдан кейін де материалды-техникалық жабдықтауға тиісінше көңіл бөлмекпіз», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы Білім беруді дамыту жылы аясында Алматыда жаңа мектептер салынып, техникалық жабдықтау жаңартылғанын, жас ұрпақтың жоғары деңгейдегі білім алуы үшін қажетті жағдай жасалып жатқанына тоқталды. Одан өзге, тамыз кеңесінде Алматылық 1000 ұстаздың әрқайсысына 300 мың теңгеден сыйақы тағайындалғанын айтып өтті.

 


Back to the list